Қалай мүгедектікті белгілеуге болады
ЖүктеуМүгедектік мерзімі
Мүгедектік заңнамада көзделген жағдайларда белгілі бір мерзімге немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.
Мүгедектік қандай мерзімдерге белгіленуі мүмкін?
7 жасқа дейінгі балаларға:
-
6 айға;
-
1 жылға;
-
2 жылға;
-
5 жылға;
-
7 жасқа толғанға дейін.
7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға:
-
6 айға;
-
1 жылға;
-
2 жылға;
-
5 жылға;
-
18 жасқа толғанға дейін.
Кәмелетке толған адамдарға:
-
6 айға;
-
1 жылға;
-
2 жылға;
-
5 жылға;
-
белгіленген негіздер болған жағдайда қайта куәландыру мерзімінсіз.
Мүгедектік қандай жағдайларда қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді?
Мұндай шешім МӘС жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларда, оның ішінде жекелеген қайтымсыз анатомиялық кемістіктер және организм функцияларының тұрақты қайтымсыз бұзылулары кезінде қабылданады.
Мүгедектік мерзімін айқындау кезінде аурудың сипаты, болжамы, емдеу және оңалту нәтижелері, сондай-ақ басқа да белгіленген өлшемшарттар ескеріледі.
