Қалай мүгедектікті белгілеуге болады
ЖүктеуМүгедектікті белгілеу критерийлері
Мүгедектікті белгілеу үшін заңнамада көзделген мынадай жағдайлардың жиынтығы негіз болып табылады:
-
Организм функцияларының тұрақты бұзылуымен қатар жүретін денсаулықтың бұзылуы.
-
Адамның тіршілік-тынысының шектелуі.
-
Әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі.
Мүгедектікті айқындау кезінде организм функцияларының бұзылу дәрежесі және тіршілік-тынысының шектелуі, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілеттері ескеріледі.
Ересектерге мүгедектіктің қандай топтары белгіленеді?
-
Бірінші топ — организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы салдарынан тіршілік-тынысының айқын шектелуі кезінде.
-
Екінші топ — организм функцияларының тұрақты айқын бұзылуы салдарынан тіршілік-тынысының елеулі шектелуі кезінде.
-
Үшінші топ — организм функцияларының тұрақты орташа дәрежеде бұзылуы салдарынан тіршілік-тынысының орташа дәрежеде шектелуі кезінде.
Балаларға мүгедектік қалай белгіленеді?
-
7 жасқа дейінгі балаларға «мүгедектігі бар бала» санаты белгіленеді.
-
7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы «мүгедектігі бар бала» санаты белгіленеді.
Маңызды! Жас мөлшері немесе белгілі бір аурудың болуы өздігінен мүгедектікті белгілеу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Шешім кешенді сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша қабылданады.
