Қалай мүгедектікті белгілеуге болады
ЖүктеуМүгедектікті белгілеу
Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) нәтижелері бойынша мамандар мүгедектіктің бар-жоғын, оның тобын немесе санатын, себебі мен мерзімін, ал тиісті негіздер болған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындайды.
МӘС қанша уақытқа созылады?
Мерзімі сараптаманы жүргізу тәсіліне байланысты:
-
Жүгінген күні — жалпы тәртіппен күндізгі куәландыру кезінде.
-
3 жұмыс күні ішінде — сырттай проактивті куәландыру кезінде МӘС актісінің жобасы келіп түскен күннен бастап.
-
10 жұмыс күніне дейін — Қағидаларда көзделген жағдайларда, оның ішінде материалдар МӘС әдіснамасы және бақылау бөліміне консультацияға жіберілгенде немесе қосымша қарау қажет болғанда.
Нәтижені қалай білуге болады?
МӘС нәтижелері бойынша өтініш беруші немесе оның заңды өкілі eGov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы электрондық құжаттарды ала алады.
Қабылданған шешім туралы ақпарат тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы да жіберіледі.
Қандай құжаттар ресімделеді?
МӘС нәтижесіне байланысты мынадай құжаттар ресімделуі мүмкін:
-
мүгедектік туралы анықтама;
-
еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы құжаттар;
-
қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындайтын құжаттар.
Маңызды! Мүгедектікті белгілеу күні Қағидаларға сәйкес айқындалады және МӘС жүргізу нысанына байланысты. Күндізгі және сырттай проактивті куәландыру кезінде бұл күнді айқындаудың әртүрлі негіздері қолданылады.
