Қалай мүгедектікті белгілеуге болады

Жүктеу

МӘС өту үшін қажетті құжаттар

Қажетті құжаттардың тізбесі куәландыру мақсатына, адамның жағдайына және медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) жүргізу тәсіліне байланысты.

Негізгі құжаттар мен мәліметтер:

  1. МӘС жүргізуге арналған өтініш — күндізгі куәландыру кезінде.

  2. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат — жеке басты сәйкестендіру үшін.

  3. Медициналық ұйым ресімдеген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды.

  4. Сараптамалық бағалау үшін қажетті медициналық мәліметтер, зерттеп-қарау нәтижелері, мамандардың қорытындылары және басқа да материалдар.

Жекелеген жағдайларда қосымша мынадай құжаттар талап етілуі мүмкін:

  • заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар;

  • өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға байланысты құжаттар;

  • еңбек қызметі және еңбек жағдайлары туралы мәліметтер;

  • мүгедектіктің себебін немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін анықтау үшін қажетті құжаттар;

  • баланы куәландыру кезінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы, егер ол бар болса;

  • заңнамада көзделген жағдайларда туыстық қатынастарды растайтын құжаттар.

Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қолжетімді мәліметтер электрондық нысанда сұратылады.

Егер қажетті мәліметтер ақпараттық жүйелерде болмаса, тиісті құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілуі мүмкін.

Сырттай проактивті МӘС кезінде медициналық ұйым № 031/е нысанын және көзделген электрондық медициналық құжаттарды цифрлық жүйелер арқылы жібереді.

Жаңарту күні: Көру саны:3527
  1. МӘС өту үшін қажетті құжаттар