Қалай мүгедектікті белгілеуге болады
ЖүктеуМедициналық-әлеуметтік сараптамадан өту (МӘС)
1-қадам. Медициналық ұйымға жүгініңіз
Мүгедектікті белгілеу үшін өзіңіз тіркелген медициналық ұйымға жүгіну қажет.
Дәрігерлер қарап-тексеру, диагностика, емдеу және қажетті оңалту іс-шараларын жүргізеді.
2-қадам. МӘС-ке жолдама алыңыз
Организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу мәселесін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (ДКК) қарайды.
Жолдама № 031/е нысаны бойынша ресімделеді.
Жалпы қағида бойынша, көзделген жағдайларда МӘС-ке жіберу еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте жүзеге асырылмайды.
Жекелеген аурулар, анатомиялық кемістіктер және ауыр жағдайлар үшін ерекшеліктер көзделген.
3-қадам. Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтіңіз
МӘС-ті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Адамның жағдайына және заңнамада көзделген негіздерге байланысты сараптама мынадай нысандарда жүргізілуі мүмкін:
-
МӘС бөлімінде күндізгі нысанда;
-
медициналық ұйымда;
-
үйде;
-
сырттай;
-
электрондық медициналық құжаттар негізінде сырттай проактивті нысанда.
Сырттай проактивті МӘС қалай жүргізіледі?
-
Медициналық ұйым № 031/е нысаны бойынша электрондық жолдаманы ресімдейді.
-
Пациент немесе оның заңды өкілі сырттай проактивті куәландырудан өтуге келісім береді.
-
Медициналық құжаттар цифрлық жүйелер арқылы жіберіледі.
-
Сарапшылар құжаттарды пациенттің міндетті түрде жеке қатысуынсыз қарайды.
-
Сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық шешім қабылданады.
Сырттай проактивті куәландыру барлық аурулар кезінде емес, белгіленген тізбеде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
