Неке бұзу
ЖүктеуКәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ажырасу
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, олардың арасында өзара наразылықтар жоқ, оның ішінде мүлікке де қатысты жоқ болғанда, олар АХАТ-қа жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
- Өтініш
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі
- Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (2 АЕК).
Егер жоғарыда көрсетілген барлық шарттар сақталса, онда ажырасуға өтінішті онлайн режимінде, gov.kz порталының электрондық қызметі арқылы беруге болады.
Егер сіз шетелде болсаңыз, онда мына онлайн-қызметті пайдаланыңыз.
