Неке бұзу
ЖүктеуНеке бұзу үшін шарттар
Некені бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексімен реттеледі.
Ажырасу рәсімделетін кезде үш жағдай бар:
- ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша;
- сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының (зайыбының) қорғаншысының өтініші бойынша;
- ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткен деп танылуы салдарынан;
- қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруге жариялау туралы қаулысын сот санкциялаған күннен бастап үш жылдан астам халықаралық іздестіруде.
Егер азаматтың тұрғылықты жерінде 1 жыл ішінде ол туралы мәліметтер болмаса, ол сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылуы мүмкін (ескерту).
Жүкті болу кезеңінде, сондай-ақ бала өмірінің бірінші жылы ішінде жұбайының келісімінсіз некені бұзу мүмкін емес.
Егер сіз некені бұзғыңыз келсе, екі жол бар – АХАТ арқылы немесе сот арқылы. Екі жағдайда да сіз онлайн өтініш бере аласыз, бұл туралы келесі қадамдарда толығырақ айтылған.
