Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Азаттықты қабылдаудан не үшін бас тартылады

Егер өтініш беруші төмендегі жағдайлардың біріне жатса, оның азаматтыққа қабылдау туралы өтінішхаты қабылданбауы мүмкін:

  1. Адамзатқа қарсы қылмыс жасаса немесе Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса.

  2. Қазақстанның бірлігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға шақырса.

  3. Ұлттық қауіпсіздікке немесе халықтың денсаулығына зиян келтіретін құқыққа қайшы қызметті жүзеге асырса.

  4. Ұлтаралық, конфессияаралық немесе діни араздықты қоздырса не Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет етсе.

  5. Террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы болса не тиісті қылмыстар үшін сотталған болса.

  6. Халықаралық іздеуде болса, заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатса немесе жасалған қылмыстарға байланысты заңда көзделген өзге де негіздерге жатса.

  7. Басқа мемлекеттің азаматтығында болса және заңнамада көзделген ерекшеліктерге жатпаса.

  8. Азаматтық алу туралы өтініш берген кезде жалған мәліметтер ұсынса немесе дәлелді себепсіз белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды тапсырмаса.

  9. Заңнамаға сәйкес ескерілетін қасақана қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы болса.

  10. Кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса.

  11. Өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында заңда көзделген құқық бұзушылық жасаса.

  12. Өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзса.

  13. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса немесе азаматтыққа қайта қабылдауға кедергі келтіретін негіздер бойынша азаматтығынан айырылған болса.

  14. Егер оған тиісті талап қолданылатын болса, мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын белгіленген көлемде білмесе.

Маңызды! Заңнамада адамдардың жекелеген санаттары үшін тестілеу талаптарынан босату жағдайлары және шетел азаматтығын тоқтатуға қатысты арнайы қағидалар көзделген.

Құжаттардың толық топтамасын ұсынбау мен азаматтыққа қабылдаудан бас тарту бірдей ұғымдар емес. Құжаттарда кемшіліктер анықталған жағдайда хабарлау және кемшіліктерді жоюдың белгіленген рәсімі қолданылады.

Азаматтыққа қабылдаудан бас тарту негіздерінің және көзделген ерекшеліктердің толық тізбесі «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 17-бабының қолданыстағы редакциясымен айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:7019
  1. Азаттықты қабылдаудан не үшін бас тартылады