Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме
ЖүктеуБалалардың азаматтығы
Баланың азаматтығы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес айқындалады.
Егер ата-анасының екеуі де Қазақстан азаматтары болса
Бала туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Егер ата-анасының бірі Қазақстан азаматы, ал екіншісі шетел азаматы болса
Баланың азаматтығы туған жерін, ата-анасының тұрақты тұрғылықты жерін және заңнамада көзделген басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындалады.
Егер бала Қазақстаннан тыс жерде туылса және ата-анасының екеуі де шетелде тұрақты тұрса, баланың азаматтығы белгіленген тәртіппен ата-анасының жазбаша келісімі бойынша айқындалады.
Егер ата-анасының бірі Қазақстан азаматы, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса
Заңда көзделген жағдайларда бала туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Егер баланың ата-анасы белгісіз болса
Қазақстан аумағында жүрген, ата-анасының екеуі де белгісіз бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Егер ата-анасы азаматтығы жоқ адамдар болса
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардан Қазақстан аумағында туған бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Кәмелетке толмаған баланың азаматтығын ресімдеу
Заңда көзделген жағдайларда құжаттарды ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері тапсырады.
14 пен 18 жас аралығындағы баланың азаматтығын өзгерту үшін заңнамада белгіленген тәртіппен оның келісімі қажет.
Маңызды! Тууы бойынша азаматтықты айқындау тәртібі мен заңды өкілдерінің өтініші негізінде баланы азаматтыққа қабылдау тәртібі бір-бірінен ерекшеленеді.
