Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Қуғын-сүргін құрбандары және олардың ұрпақтары азаматтықты қалай ала алады

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның талаптарына сәйкес келетін жаппай саяси қуғын-сүргіндердің ақталған құрбандары мен олардың ұрпақтары азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін өтініш бере алады.

Қайда жүгіну қажет?

Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне.

Негізгі құжаттар:

  • сауалнама-өтініш;

  • бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;

  • белгіленген өлшемдегі фотосуреттер;

  • өмірбаян;

  • азаматтық туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеме;

  • жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжат;

  • ақтау туралы сот шешімі немесе ұрпақтардың тиісті санатына жататынын растайтын құжаттар;

  • мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Қарау мерзімі — үш айға дейін.

Маңызды! Жеңілдетілген тәртіпті қолдану үшін заңнамада көзделген мән-жайларды растау қажет. Қуғын-сүргінге ұшыраған адаммен туыстық қатынасы бар екені туралы өтініштің өзі жеткіліксіз.

Жаңарту күні: Көру саны:2570
  1. Қуғын-сүргін құрбандары және олардың ұрпақтары азаматтықты қалай ала алады