Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Қандастарға азаматтықты қалай алуға болады

Қазақстан Республикасында заңды негізде тұрақты тұратын қандастар тұру мерзіміне қарамастан, азаматтықты жеңілдетілген (тіркеу) тәртібімен ала алады.

Қайда жүгіну қажет?

Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне.

Негізгі құжаттар:

  1. Белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш.

  2. Бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш.

  3. Белгіленген өлшемдегі фотосуреттер.

  4. Азаматтық туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеме.

  5. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжат немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты.

  6. Қандас куәлігі.

  7. Өтініш беру негізіне байланысты қолданыстағы Қағидаларда көзделген өзге де құжаттар.

Тұрақты тұруға рұқсат болмаған жағдайда

Қандастар үшін белгіленген жағдайларда тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеуге және бір мезгілде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау туралы өтініш беруге мүмкіндік беретін арнайы рәсім көзделген.

Бұл рәсімге қажетті құжаттар тізбесі әдеттегі жеңілдетілген тәртіптен ерекшеленеді және Ішкі істер министрлігі Қағидаларының тиісті тармағымен айқындалады.

Азаматтық алу туралы өтінішхатты қарау мерзімі — үш айға дейін.

Маңызды! Тұрақты тіркеу болмаған жағдайда арнайы рәсімге қойылатын талаптарды тексермей, құжаттардың жалпы тізбесін пайдалануға болмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:12684
  1. Қандастарға азаматтықты қалай алуға болады