Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Азаматтықты алудың жалпыға белгіленген тәртібі

Жеңілдетілген тәртіпті қолдануға негіздері жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы белгіленген тәртіппен қабылдау туралы өтінішхат бере алады.

Қайда жүгіну қажет?

Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылған өтінішхат өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне беріледі.

Негізгі құжаттар:

  1. Белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш.

  2. Өмірбаян.

  3. Өлшемі 3,5 × 4,5 см болатын төрт фотосурет.

  4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңда көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме.

  5. Жеке басты куәландыратын және шетел азаматтығын растайтын құжат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

  6. Бұрынғы азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылғанын растайтын құжат не шетел азаматтығынан бас тарту туралы заңнамада көзделген құжаттар.

  7. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

  8. Егер өтініш беруші тестілеуден босатылған санатқа жатпаса, мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын қажетті көлемде білетінін растайтын сертификат.

Өтініш беру негіздеріне байланысты некені, туыстық қатынастарды, арнайы кәсіби негіздердің болуын немесе басқа да мән-жайларды растайтын қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

Азаматтық алу үшін тестілеуден қалай өтуге болады?

Тестілеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

Тест 100 тапсырмадан тұрады:

  • қазақ тілі — 30 тапсырма;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері — 40 тапсырма;

  • Қазақстан тарихы — 30 тапсырма.

Тестілеуден сәтті өту үшін кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде:

  • қазақ тілінен — кемінде 15 балл;

  • Конституция бойынша — кемінде 20 балл;

  • Қазақстан тарихынан — кемінде 15 балл.

Тестілеу ұзақтығы — 2 сағат 10 минут. Мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша 30 минут қарастырылған.

Тестілеуге қалай жазылуға болады?

  1. app.testcenter.kz сайтына өтіңіз.

  2. Тіркеліп, жеке кабинетке кіріңіз.

  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуді таңдаңыз.

  4. Өтінішті толтырып, тестілеудің қолжетімді параметрлерін таңдаңыз.

  5. Жүйеде көзделген тәртіппен төлем жасаңыз.

  6. Тестілеуден өткеннен кейін белгіленген шекті балдарды жинаған жағдайда электрондық сертификат алыңыз.

2026 жылғы Қағидаларға сәйкес өтініштер 3–10 ақпан және 10–20 тамыз аралығында қабылданады. Тестілеу өткізу күндері туралы ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан тексеру қажет.

Сертификат берілген күннен бастап екі жыл бойы жарамды.

Кімдер тестілеуден босатылады?

Тестілеу қағидалары кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, этникалық қазақтарға, Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген адамдарға, Президент белгілеген тізбе бойынша жекелеген мамандарға және ратификацияланған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алатын адамдарға қолданылмайды.

Маңызды! Тестілеуге электрондық түрде жазылу азаматтық алу туралы өтінішхатты ішкі істер органдарына беруді алмастырмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:23748
  1. Азаматтықты алудың жалпыға белгіленген тәртібі