Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Қазақстан Республикасы азаматының жесірі азаматтықты қалай алуға болады

Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жесірлері белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда азаматтыққа жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы өтініш бере алады.

Қайда жүгіну қажет?

Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне.

Негізгі құжаттар:

  • сауалнама-өтініш;

  • бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;

  • белгіленген өлшемдегі фотосуреттер;

  • өмірбаян;

  • азаматтық туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеме;

  • өтініш берушінің жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжат;

  • неке қию туралы куәлік;

  • жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлік;

  • қайтыс болған жұбайының Қазақстан Республикасының азаматтығында болғанын растайтын құжат;

  • мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Қарау мерзімі — үш айға дейін.

Маңызды! Жеңілдетілген тәртіпті қолдану үшін заңнамада көзделген мән-жайларды құжаттармен растау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:266
  1. Қазақстан Республикасы азаматының жесірі азаматтықты қалай алуға болады