Бизнес грантын қалай алуға болады?

Жүктеу

Бастау Бизнес жобасы бойынша оқуға қалай өтініш беруге болады?

  1. Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимде қабылданады.
  2. Өтінім беру үшін порталда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеліп, өтінішті толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
  3. Өтінім сәтті тексерілгеннен кейін skills.enbek.kz онлайн-оқыту платформасына жіберіледі.
  4. Оқу ұзақтығы 14 күнтізбелік күнге дейін созылады. Оқу тегін.
  5. Оқу аяқталғаннан кейін тестілеу өткізіледі. Дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинаған қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі.
  6. Сертификат берілген күннен бастап 3жыл бойы жарамды.

Интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда: Өтінімді Мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында және eQoldau пункттерінде беруге болады.

Жаңарту күні: Көру саны:28325
  1. Бастау Бизнес жобасы бойынша оқуға қалай өтініш беруге болады?