Тұтынушы тауарды қалай қайтаруына болады?
ЖүктеуТұтынушылық құқықтар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керек?
1-қадам. Сатушыға наразылық жолдаңыз
Егер сіздің құқықтарыңыз бұзылса, сатушыға жазбаша наразылықпен жүгініңіз.
Наразылықта мыналарды көрсету қажет:
-
сатып алынған тауар туралы мәліметтер;
-
тауарды сатып алу күні мен орны;
-
анықталған құқық бұзушылықтың сипаттамасы;
-
тауарды айырбастау, ақшалай қаражатты қайтару немесе кемшіліктерді жою туралы талап;
-
жауап алу үшін байланыс деректері.
Тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда сатушы наразылықты алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жазбаша дәлелді жауап беруге міндетті.
2-қадам. Уәкілетті мемлекеттік органға жүгініңіз
Егер сатушы заңды талаптарды қанағаттандырудан бас тартса немесе белгіленген мерзімде жауап бермесе, тұтынушы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе оның аумақтық департаментіне жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік органға ресми өтінішті e-Otinish арқылы жолдауға болады.
Қажет болған жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құқықтарын қорғау үшін сотқа да жүгінуге құқылы.
