Медициналық авиацияны тарту туралы шешім қандай жағдайларда қабылданады?
ЖүктеуМедициналық авиацияның жұмыс бағыттары
Медициналық авиация әуе көлігін пайдалану қажет болатын жағдайларда медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Пациенттерді тасымалдау
Пациенттер қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін медициналық ұйымдарға тасымалдануы мүмкін.
Медицина мамандарын жеткізу
Егер пациентті тасымалдау мүмкін болмаса немесе орынсыз деп танылса, пациенттің орналасқан жерінде консультация өткізу немесе операция жасау үшін бейінді маманды жеткізу ұйымдастырылуы мүмкін.
Қашықтықтан консультациялар өткізу
Пациенттің жағдайын бағалау, емдеу тактикасын анықтау және медициналық авиацияны тарту қажеттілігін айқындау үшін қашықтықтан медициналық қызметтер пайдаланылуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету
Медициналық авиация белгіленген тәртіппен төтенше жағдайлар кезінде медициналық бригадаларды жеткізу және зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін тартылуы мүмкін.
Медициналық жүктерді тасымалдау
Көзделген жағдайларда биоматериалдар, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тасымалданады, сондай-ақ ағзалар мен тіндерді трансплантаттауға қатысатын мамандар жеткізіледі.
Маңызды! Медициналық көмек көрсетудің нақты тәсілі медициналық көрсетілімдерді, пациенттің жағдайын, медициналық ұйымның қолжетімділігін және тасымалдауды орындау шарттарын ескере отырып айқындалады.
