Медициналық авиацияны тарту туралы шешім қандай жағдайларда қабылданады?

Жүктеу

MАМБ дегеніміз не?

МБМА — әуе көлігін пайдалану кезінде пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық авиацияның мобильді бригадасы.

Бригаданың құрамы пациенттің жағдайы мен қажетті медициналық көмектің сипатын ескере отырып айқындалады. Оның жұмысына дәрігер, фельдшер және қажет болған жағдайда білікті бейінді мамандарды қоса алғанда, медицина қызметкерлері қатысады.

Медициналық авиацияны тарту қалай ұйымдастырылады?

  1. Медицина қызметкерлері пациенттің жағдайын және мамандандырылған медициналық көмек немесе тасымалдау қажеттілігін бағалайды.

  2. Медициналық ұйым қажетті ақпаратты медициналық авиация бөлімшесіне береді.

  3. Бөлімше диспетчері медициналық құжаттарды зерделейді, пациенттің жағдайын нақтылайды және өтінімді қалыптастырады.

  4. Үйлестіруші ұйымның аға дәрігері өтінімді қарайды, медициналық көрсетілімдерді, тасымалдау тәуекелдерін және әуе кемесін тарту мүмкіндігін бағалайды.

  5. Тиісті негіздер болған жағдайда әуе кемесінің ұшуы, медициналық бригаданың жұмысы және пациентті қабылдайтын медициналық ұйыммен өзара іс-қимыл ұйымдастырылады.

Шешімді кім қабылдайды?

Тасымалдаудың орындылығын бағалауды және өтінімнің орындалуын ұйымдастыруды үйлестіруші ұйымның аға дәрігері медициналық авиация бөлімшесімен және медицина мамандарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

Шұғыл медициналық көмекке қалай жүгінуге болады?

Егер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болса, 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Диспетчерге пациенттің орналасқан жерін, оның жағдайын және оқиғаның мән-жайларын хабарлаңыз.

Маңызды! Жедел медициналық жәрдем қызметіне қоңырау шалу медициналық авиацияның автоматты түрде шақырылатынын білдірмейді. Оны тарту туралы шешімді медицина мамандары белгіленген тәртіппен қабылдайды.

Жаңарту күні: Көру саны:201
  1. MАМБ дегеніміз не?