Медициналық авиацияны тарту туралы шешім қандай жағдайларда қабылданады?
ЖүктеуМедициналық авиацияны тартудың негізгі себептері
Медициналық авиация ауыр аурулары, жарақаттары және басқа да жағдайлары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекке шұғыл қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет болған кезде көмек көрсету үшін тартылуы мүмкін.
Мұндай пациенттерге мыналар жатуы мүмкін:
-
ауыр жарақат алған, оның ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккен адамдар;
-
жүрек-қантамыр жүйесінің жіті аурулары және өмірге қауіп төндіретін басқа да жағдайлары бар пациенттер;
-
ауыр асқынулары бар жүкті әйелдер;
-
мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін жаңа туған нәрестелер мен балалар;
-
бейінді маманның шұғыл консультациясын немесе операциясын қажет ететін пациенттер;
-
қатынауы қиын жерлерде орналасқан пациенттер.
Маңызды! Аталған жағдайлар медициналық авиацияны міндетті түрде тартуға дербес негіз болып табылмайды, тек ықтимал жағдайлардың мысалдары ретінде келтірілген. Медициналық авиацияны тарту туралы шешім пациенттің жағдайын және қағидаларда көзделген шарттарды бағалағаннан кейін қабылданады.
