Медициналық авиацияны тарту туралы шешім қандай жағдайларда қабылданады?

Жүктеу

Медициналық авиациялық көмек кімдерге көрсетіледі?

Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек пациенттерге қолданыстағы қағидаларда көзделген негіздер болған жағдайда көрсетіледі.

Қандай жағдайларда медициналық авиация тартылуы мүмкін?

  1. Қатынауы қиын жерлер. Пациент жолдардың болмауына, таулы жер бедеріне немесе шалғай орналасуына байланысты медициналық көмек көрсету қиындық тудыратын елді мекенде немесе аумақта орналасқан.

  2. Орналасқан жерде қажетті медициналық көмектің болмауы. Медициналық ұйымда қажетті жабдық немесе білікті бейінді маман жоқ.

  3. Ірі оқиғалар. Оқиғаның ауқымы пациенттерді жерүсті немесе су көлігімен медициналық тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.

  4. Пациентті емдеуді жалғастыру үшін ауыстыру. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек алғаннан кейін пациент тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға қайтарылған кезде медициналық сүйемелдеуді қажет етеді, ал жерүсті көлігімен немесе тұрақты әуе рейсімен тасымалдау мүмкін емес.

  5. Шетелдік медициналық ұйымнан тасымалдау. Қағидаларда көзделген жағдайларда шетелде ауыр жағдайда жатқан және медициналық сүйемелдеуді қажет ететін Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкін.

  6. Төтенше жағдайлар. Заңнамада көзделген жағдайларда медициналық көмек көрсету және медициналық эвакуациялау үшін медициналық авиация тартылуы мүмкін.

Пациентпен бірге туысы ұша ала ма?

Жекелеген жағдайларда қағидалар пациентті бір туысының алып жүруіне мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, мұндай сүйемелдеу медициналық тасымалдаудың белгілі бір түрлері кезінде 18 жасқа дейінгі балалар үшін, сондай-ақ қағидаларда көзделген шетелдік медициналық ұйымдардан пациенттерді тасымалдау жағдайларында қарастырылған.

Туысының бірге жүру мүмкіндігі тасымалдау негізіне және оны ұйымдастыру шарттарына байланысты айқындалады.

Медициналық көмек қанша тұрады?

Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі.

Маңызды! Ауыр аурудың болуы өздігінен медициналық авиацияны міндетті түрде тартуды білдірмейді. Оны пайдалану қажеттілігі медициналық көрсетілімдер мен қолданыстағы қағидаларға сәйкес айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:325
  1. Медициналық авиациялық көмек кімдерге көрсетіледі?