Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Жүктеу

В вирустық гепатитінің қалай алдын алуға болады?

В вирустық гепатиті қан және басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы, оның ішінде жыныстық жолмен, сондай-ақ босану кезінде анадан балаға берілуі мүмкін.
Негізгі профилактикалық шаралар
1. Вакцинация
Вакцинация В вирустық гепатитінің алдын алудың негізгі тәсілі болып табылады.
Профилактикалық екпелер Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне және медициналық көрсетілімдерге сәйкес жүргізіледі.
2. Жеке гигиена қағидаларын сақтау
Басқа адамдардың ұстараларын, тіс щеткаларын, маникюр құралдарын және қан қалдықтары болуы мүмкін басқа да заттарын пайдаланбаңыз.
3. Медициналық және косметологиялық процедуралардың қауіпсіздігі
Құралдарды өңдеуге және инфекциялардың алдын алуға қойылатын санитариялық талаптарды сақтайтын ұйымдарға жүгініңіз.
4. Инфекцияның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу
Контрацепцияның тосқауыл әдістерін қолдану инфекцияның берілу қаупін төмендетеді.
5. Жүктілік кезіндегі медициналық тексеру
Жүкті әйелдер В вирустық гепатитіне қатысты көзделген медициналық тексерулерден өтуі қажет.
Инфекция анықталған жағдайда медицина мамандары вирустың балаға берілуінің алдын алу үшін қажетті шараларды айқындайды.
Маңызды! В гепатиті вирусын жұқтырған адамның қанымен жанасқан жағдайда шұғыл профилактиканың қажеттілігін бағалау үшін уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:406
  1. В вирустық гепатитінің қалай алдын алуға болады?