Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Жүктеу

С вирустық гепатитінің қалай алдын алуға болады?

С вирустық гепатиті негізінен инфекция жұқтырған қанмен жанасу арқылы беріледі.

Қазіргі уақытта С гепатитіне қарсы вакцина жоқ.

Инфекция жұқтыру қаупін қалай азайтуға болады?

  • Басқа адамдардың ұстараларын, тіс щеткаларын, маникюр құралдарын және қан қалдықтары болуы мүмкін басқа да заттарын пайдаланбаңыз.

  • Татуировка, пирсинг және косметологиялық процедуралар жасату кезінде санитариялық талаптарды сақтайтын ұйымдарды таңдаңыз.

  • Медициналық процедуралар кезінде стерильді немесе бір реттік құралдардың қолданылатынына көз жеткізіңіз.

  • Қан кетіп жатқан адамға көмек көрсету кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдаланыңыз.

  • Инфекция жұқтыру қаупінің факторлары болған жағдайда С вирустық гепатитіне тексерілу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Маңызды! С гепатиті күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас, қол алысу, құшақтасу немесе бірге тамақтану арқылы берілмейді. Инфекция расталған жағдайда емдеу тактикасын анықтау үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:538
  1. С вирустық гепатитінің қалай алдын алуға болады?