Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Жүктеу

Қазақстанда В,С гепатитін қандай дәрілермен емдейді?

Созылмалы В және С вирустық гепатиттерін емдеу үшін дәрігер клиникалық хаттаманы, зерттеп-қарау нәтижелерін және медициналық көрсетілімдерді ескере отырып тағайындайтын вирусқа қарсы препараттар қолданылады.

С гепатитін емдеу

Тегін және жеңілдікпен амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің қолданыстағы тізбесіне мынадай препараттар енгізілген:

  • софосбувир және велпатасвир;

  • рибавирин.

В гепатитін емдеу

Қолданыстағы тізбеге мынадай препараттар енгізілген:

  • тенофовир дизопроксилі;

  • тенофовир алафенамиді;

  • пегинтерферон альфа-2а.

Препараттарды қалай тегін алуға болады?

  1. Диагнозды растап, қажетті зерттеп-қараулардан өтіңіз.

  2. Динамикалық бақылауға тіркеліңіз.

  3. Бейінді маманның қорытындысын және емдеу тағайындауын алыңыз.

  4. Өзіңіз тіркелген медициналық ұйымда рецепт жазып беру және препаратты алу тәртібін нақтылаңыз.

Маңызды! Аталған препараттар бірін-бірі алмастыра алмайды. Емдеу схемасын, дозасын және емдеу курсының ұзақтығын тек дәрігер анықтайды. Вирусқа қарсы терапияны өз бетінше бастауға немесе тоқтатуға болмайды.

 
Жаңарту күні: Көру саны:1791
  1. Қазақстанда В,С гепатитін қандай дәрілермен емдейді?