Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Жүктеу

Диспансерлік есепте тұрған пациентке жүргізілетін талдаулар тізбесі

Динамикалық бақылауда тұрған созылмалы В және С вирустық гепатиттері бар пациенттер бауырдың жағдайын бағалау және аурудың ағымын бақылау үшін мерзімді түрде зерттеп-қараудан өтеді.

Қандай зерттеулер тағайындалуы мүмкін?

  • АЛТ және АСТ көрсеткіштерін қоса алғанда, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері.

  • Тромбоциттер санын анықтауды қоса алғанда, жалпы қан талдауы.

  • ПТР әдісімен вирустық жүктемені анықтау.

  • Құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу.

  • Бауыр фиброзының дәрежесін бағалау.

  • Медициналық көрсетілімдер бойынша қосымша зерттеулер.

Талдауларды қаншалықты жиі тапсыру қажет?

Динамикалық бақылау мен зертханалық зерттеулердің мерзімділігі динамикалық бақылаудың қолданыстағы қағидаларына және клиникалық хаттамаларға сәйкес айқындалады.

Дәрігер гепатиттің түрін, инфекцияның белсенділігін, бауырдың зақымдану дәрежесін, жүргізіліп жатқан емді және қатар жүретін ауруларды ескере отырып, зерттеп-қараудың жеке жоспарын жасайды.

Маңызды! ПТР немесе басқа зерттеулерден өту жиілігін өз бетінше анықтауға болмайды. В және С гепатиттері кезінде бақылау схемалары әртүрлі болады, ал вирусқа қарсы терапия барысында қосымша талдаулар қажет болуы мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:1024
  1. Диспансерлік есепте тұрған пациентке жүргізілетін талдаулар тізбесі