Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?
ЖүктеуАлғаш келген пациентті есепке қою кезінде жүргізілетін талдаулар тізбесі
В немесе С вирустық гепатитіне күдік туындаған жағдайда дәрігер инфекцияны растау, бауырдың жағдайын бағалау және одан әрі емдеу тактикасын анықтау үшін зерттеп-қараулар тағайындайды.
Қандай зерттеулер қажет болуы мүмкін?
-
В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне қан талдаулары.
-
Вирустың бар-жоғын растау үшін полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу.
-
Тромбоциттер санын анықтауды қоса алғанда, жалпы қан талдауы.
-
АЛТ, АСТ және билирубин көрсеткіштерін қоса алғанда, қанның биохимиялық талдауы.
-
Вирустық жүктемені сандық анықтау.
-
Құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу.
-
Көрсетілімдер болған жағдайда бауыр фиброзының дәрежесін, оның ішінде эластография (фибросканерлеу) әдісімен бағалау.
-
Дәрігердің тағайындауы бойынша қосымша зерттеулер.
Жолдаманы қалай алуға болады?
-
Қолыңызда бар талдау нәтижелерімен медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) дәрігеріне жүгініңіз.
-
Тағайындалған зерттеулерден өтіңіз.
-
Гастроэнтерологтың немесе инфекционист дәрігердің консультациясына жолдама алыңыз.
-
Созылмалы вирустық гепатит расталған жағдайда динамикалық бақылауға алыну тәртібін нақтылаңыз.
Маңызды! Зерттеулер тізбесі гепатиттің түріне, бастапқы талдаулардың нәтижелеріне және пациенттің жағдайына байланысты болады. Аталған зерттеулердің барлығы әрбір адам үшін міндетті емес.
