Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Жүктеу

Тегін емделуге кім құқылы?

Қазақстанда созылмалы В және С вирустық гепатиттері бар пациенттер белгіленген мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде медициналық көмекті және вирусқа қарсы препараттарды тегін ала алады.

Тегін дәрілік препараттар кімдерге беріледі?

Тегін және жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар тізбесінде медициналық көрсетілімдерді ескере отырып, тиісті диагноздары бар және динамикалық бақылауда тұрған пациенттердің барлық санаттарына арналған препараттар көзделген.

Қандай шарттарды орындау қажет?

  1. Медициналық зерттеп-қараудан өтіп, диагнозды растау.

  2. Белгіленген тәртіппен динамикалық бақылауға алыну.

  3. Вирусқа қарсы терапияның қажеттілігі туралы бейінді маманның қорытындысын алу.

  4. Қолданыстағы тізбеде көзделген дәрілік препараттарға дәрігердің тағайындауын және рецептін алу.

Емдеу қандай қаражат есебінен жүргізіледі?

Вирустық гепатиттері бар пациенттерге медициналық көмек медициналық қызметтің түріне және оны көрсету шарттарына байланысты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде көрсетіледі.

Дәрілік заттармен қамтамасыз ету тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың қолданыстағы тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Маңызды! Диагноздың болуы өздігінен вирусқа қарсы препараттарды міндетті түрде тағайындауды білдірмейді. Емдеуді бастау, препаратты таңдау және терапияның ұзақтығы туралы шешімді дәрігер медициналық көрсетілімдер негізінде қабылдайды.

Жаңарту күні: Көру саны:1344
  1. Тегін емделуге кім құқылы?