Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Жүктеу

«В, С гепатиті» анықталған жағдайда не істеу керек?

Егер зерттеп-қарау нәтижелері бойынша В немесе С вирустық гепатитінің белгілері анықталса, өзіңіз тіркелген емханадағы дәрігерге жүгініңіз.

Бастапқы талдаудың оң нәтижесі диагнозды растау үшін қосымша зерттеп-қарауды талап етеді.

Іс-қимыл тәртібі

  1. Жалпы практика дәрігерінің, учаскелік терапевтің немесе инфекционист дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.

  2. Қолыңызда бар зертханалық зерттеулердің нәтижелерін ұсыныңыз.

  3. Иммуноферменттік талдаудың (ИФТ) нәтижесі оң болған жағдайда дәрігер тағайындаған полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеуден өтіңіз.

  4. Инфекция расталған жағдайда бауырдың жағдайын және аурудың белсенділігін бағалау үшін қосымша зерттеулерден өтіңіз.

  5. Гастроэнтерологтың немесе инфекционист дәрігердің консультациясына жолдама алыңыз.

  6. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дәрігер динамикалық бақылаудың қажеттілігін және вирусқа қарсы терапияға көрсетілімдерді анықтайды.

Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес:

  • ИФТ нәтижесі оң болған жағдайда сапалық ПТР 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде тағайындалады;

  • сапалық ПТР нәтижесі оң болған жағдайда МСАК дәрігері 20 жұмыс күніне дейінгі мерзімде көзделген қосымша зерттеулер мен бейінді маманның консультациясын ұйымдастырады.

Созылмалы вирустық гепатит расталған жағдайда пациент туралы мәліметтер диспансерлік науқастардың электрондық тіркеліміне енгізіледі.

Маңызды! Созылмалы В гепатиті кезінде диагноз қойылғаннан кейін барлық пациенттерге бірден вирусқа қарсы терапия қажет бола бермейді. Емдеу қажеттілігі зерттеп-қарау нәтижелері бойынша анықталады. С гепатитін емдеудің заманауи әдістері пациенттердің көпшілігінің толық жазылуына мүмкіндік береді.

Жаңарту күні: Көру саны:3396
  1. «В, С гепатиті» анықталған жағдайда не істеу керек?