Дербес деректерді қалай қорғауға болады

Жүктеу

Дербес деректер субъектісінің жаңа заңнамаға сәйкес құқықтары

Қазақстандағы әрбір азамат өзінің дербес деректеріне қатысты мынадай заңды құқықтарға ие:

  • Хабардар болу құқығы: дербес деректеріңізді кім, қандай мақсатта және қандай тәсілдермен жинайтынын және өңдейтінін, сондай-ақ олардың кімге берілетінін білу.
  • Келісімді кері қайтарып алу құқығы: дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісіміңізді кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылысыз. Бұған Қазақстан Республикасының заңдарына тікелей қайшы келетін немесе орындалмаған міндеттемелерді орындауға байланысты жағдайлар, мысалы, қолданыстағы кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау жағдайлары кірмейді.
  • Деректерді түзету және жою құқығы: егер дербес деректеріңіз ескірген, дұрыс емес немесе заңсыз жолмен алынған болса, деректер базасының меншік иесінен оларды өзгерту, бұғаттау немесе жоюды талап етуге құқылысыз.

Ерікті киберсақтандыру: жаңартылған заңнамаға сәйкес азаматтар мен ұйымдар ерікті киберсақтандыру тетіктерін пайдалана алады. Бұл құрал киберинциденттер, деректер базаларына рұқсатсыз қол жеткізу немесе құпия ақпараттың таралып кетуі салдарынан келтірілген залалды жабуға және мүліктік зиянды өтеуге бағытталған.

Жаңарту күні: Көру саны:41
  1. Дербес деректер субъектісінің жаңа заңнамаға сәйкес құқықтары