Дербес деректерді қалай қорғауға болады

Жүктеу

Дербес деректерді қорғау бойынша қауіпсіздік қағидалары

Ақпараттың таралып кету қаупін азайту үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

  1. Ешкімге және ешбір жағдайда PIN-кодты, CVV/CVC-кодтарды, SMS арқылы келген құпия кодтарды және төлем карталарының толық деректемелерін хабарламаңыз.
  2. Жеке құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) және олардың көшірмелерін ашық қолжетімді жерде немесе тексерілмеген чаттарда жарияламаңыз.
  3. Күрделі құпиясөздерді (кемінде 10 таңбадан тұратын, әртүрлі регистрдегі әріптерді, сандар мен арнайы таңбаларды қамтитын) электрондық пошта, интернет-банкинг және мемлекеттік сервистер үшін пайдаланыңыз, оларды үнемі ауыстырып отырыңыз және екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.
  4. Онлайн сатып алу кезінде сайттарды тексеріңіз: мекенжай жолағында https протоколы және жабық құлып белгішесі болуы керек. Интернет-сатып алулар үшін балансы ең аз жеке виртуалды картаны ашу ұсынылады.
  5. Электрондық хаттар мен мессенджерлерден келген күмәнді сілтемелерді баспаңыз, әсіресе олар жылдам әрі оңай табыс немесе өтемақы уәде етсе.
  6. Қоғамдық, ашық Wi-Fi желілерін мобильді банкингке немесе жеке электрондық поштаға кіру үшін пайдаланбаңыз.
  7. Барлық құрылғыларыңызға (смартфондар мен компьютерлерге) лицензиялық антивирустық бағдарламаны орнатыңыз.
Жаңарту күні: Көру саны:541
  1. Дербес деректерді қорғау бойынша қауіпсіздік қағидалары