Дербес деректерді қалай қорғауға болады
ЖүктеуДербес деректер алаяқтардың қолына қалай түседі
Деректердің таралып кетуі бірнеше негізгі арна арқылы орын алады:
- Коммерциялық ұйымдардың, интернет-дүкендердің және брондау сервистерінің ақпараттық жүйелерін бұзу.
- Азаматтардың фишингтік сайттарға, жалған ұтыс ойындары, лотереялар немесе «инвестициялық» платформалар беттеріне өз деректерін ерікті түрде енгізуі.
- Әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі аккаунттарға рұқсатсыз қол жеткізу.
Заңға сәйкес, деректер базаларының операторлары мен меншік иелері деректерді қорғаудың қатаң техникалық шараларын (оның ішінде хештеу, маскалау және деректерді анонимдеу) қамтамасыз етуге міндетті. Алайда жеке цифрлық гигиена алаяқтардан қорғанудың негізгі тетігі болып қала береді.
