Отбасы құру
ЖүктеуНеке қию шарты
Некеге тұру үшін, екеуіңіздің толық келісіміңіз және әрқайсыңыздың неке жасына жетуіңіз керек, яғни, 18 жасқа толуыңыз қажет.
Неке (ерлі-зайыптылық) жасқа толмаған адамдар немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасқа толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасқа толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) Неке (ерлі-зайыптылық)жасқа толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Мына адамдар арасында некеге тұруға рұқсат етілмейді:
- бір жыныстағы адамдар;
- біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
- жақын туыстар;
- асырап алушылар және асырап алынған балалар және олардың балалары;
- заңды күшіне енген сот шешімі бойынша, ең болмағанда біреуі психикалық ауруға немесе ақыл-ой кемістігіне байланысты іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар.
