Меншік иелерінің бірлестігі дегеніміз не

Жүктеу

Кондоминиум объектісінің шығыстары

Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мынадай жарналар көзделген:

  • ағымдағы жарналар — кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған;

  • жинақ жарналары — ортақ мүлікті күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған;

  • нысаналы жарналар — заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен белгілі бір мақсаттарға арналған.

Автотұрақ орындары мен қоймалардың меншік иелері үшін де тиісті жарналар көзделген.

Жарналардың мөлшері мен жылдық шығыстар сметасы меншік иелері жиналысының шешімдерін ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалады.

Банктік шоттар

Үйді МИБ арқылы басқару кезінде заңнама талаптарына сәйкес ағымдағы және жинақ шоттары пайдаланылады.

Тікелей бірлесіп басқару кезінде шоттарды ашу және басқару субъектісін тарту тәртібі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың санына және Заңның 48-бабының талаптарына байланысты болады.

Есептілік және жауапкершілік

МИБ төрағасы мен кондоминиум объектісін басқару субъектісі үйді басқаруға, құжаттамаға және есептілікке қатысты заңнамада көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Заңнаманың сақталуын бақылауды белгіленген өкілеттіктер шегінде тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады.

Заңнама талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады. Даулар заңнамада көзделген тәсілдермен, оның ішінде сот тәртібімен шешіледі.

Жаңарту күні: Көру саны:822
  1. Кондоминиум объектісінің шығыстары