Меншік иелерінің бірлестігі дегеніміз не
ЖүктеуЖиналыс құзыреттері
МИБ төрағасы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 51-1-бабына сәйкес жиналыста үш жыл мерзімге сайланады.
Төраға МИБ атынан өкілдік етеді, жиналыс пен үй кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, құжаттаманың сақталуын, жылдық шығыстар сметасы мен есептілік жобаларының әзірленуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да функцияларды орындайды.
Үй кеңесін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері сайлайды және ол Заңның 51-бабында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жылдық шығыстар сметасын бекіту, жарналарды белгілеу және төрағаның еңбегіне ақы төлеуді келісу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.
МИБ төрағасының еңбегіне ақы төлеу мөлшері уәкілетті басқару органдарының шешімдері мен заңнама талаптарын ескере отырып айқындалады.
