Меншік иелерінің бірлестігі дегеніміз не

Жүктеу

Жиналыстар қалай өткізіледі

Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы кондоминиум объектісін басқару мәселелері бойынша шешім қабылдаудың негізгі тәсілі болып табылады.
Жиналыста үйді басқару нысанын таңдау және өзгерту, МИБ төрағасын және үй кеңесін сайлау, шығыстар сметасын бекіту, жарналарды белгілеу және заңнамада көзделген басқа да мәселелер қаралады.
Жиналыстың шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында белгіленген жағдайларда орындау үшін міндетті болып табылады.
Жиналыс өткізу және дауыс беру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42–44-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңнамада көзделген шарттарға байланысты дауыс беру жиналыста, жазбаша сауалнама арқылы немесе тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып өткізілуі мүмкін.
Меншік иелерін хабардар ету, кворумды айқындау және дауыстарды санау тәртібі қолданыстағы заңнама нормаларымен белгіленеді.

Жаңарту күні: Көру саны:807
  1. Жиналыстар қалай өткізіледі