Меншік иелерінің бірлестігі дегеніміз не

Жүктеу

МИБ қалай тіркеледі

Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) — кондоминиум объектісін басқару үшін көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым.

МИБ құру туралы шешім меншік иелерінің жиналысында қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

МИБ мемлекеттік тіркелген кезден бастап заңды тұлға құқықтарына ие болады және уәкілетті орган бекіткен үлгілік жарғы негізінде қызметін жүзеге асырады.

МИБ-ті мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш.

  2. Меншік иелері жиналысының хаттамасы.

  3. Тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жаңарту күні: Көру саны:1020
  1. МИБ қалай тіркеледі