Оңалту процедурасы туралы не білуіңіз керек
ЖүктеуЖоспарда қандай шаралар көзделуі мүмкін
Жоспарда қандай шаралар көзделуі мүмкін
Заңнама борышкердің қаржылық жағдайын сауықтыруға бағытталған шаралардың кең ауқымын қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты оңалту жоспары мыналарды қамтуы мүмкін:
- санация жүргізу;
- берешекті қайта құрылымдау;
- мүлікті электрондық аукцион арқылы сату;
- қаржылық лизинг;
- талап ету құқығын беру (цессия);
- факторинг және реверсивті факторинг;
- берешектің бір бөлігін кешіру;
- айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару;
- қарыздарды акцияларға айырбастау;
- бітімгершілік келісім жасау;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған өзге де шаралар.
Борышкерді кім басқарады
Жоспар бекітілгеннен кейін борышкерді басқару кредиторлар жиналысы айқындаған тұлға арқылы жүзеге асырылады.
Ол:
- борышкердің өзі (жеке кәсіпкер);
- заңды тұлғаның басшысы немесе уәкілетті органы;
- оңалтуды басқарушы болуы мүмкін.
Егер басқару оңалтуды басқарушыға берілсе, оның кандидатурасын кредиторлар жиналысы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың арасынан сайлайды.
