Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?
ЖүктеуЗаң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Жеке медициналық кітапша міндетті медициналық қарап-тексеру мен көзделген зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ғана ресімделеді.
Жалған медициналық құжаттарды пайдалану, көрінеу анық емес мәліметтерді енгізу және заңнаманың өзге де талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабында құжаттарды қолдан жасау, жалған құжаттарды дайындау немесе өткізу, сондай-ақ заңда көзделген құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда көрінеу жалған құжатты пайдалану үшін жауаптылық көзделген.
ЖМК түпнұсқалығын қалай тексеруге болады?
Электрондық ЖМК медицина қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен және медициналық ұйымның QR-кодымен куәландырылады.
Жұмыскерлерге міндетті медициналық қарап-тексерулерден тек тиісті лицензиясы бар медициналық ұйымдарда өту ұсынылады.
Маңызды! Медициналық қарап-тексеруден өтпей медициналық кітапшаларды сатып алмаңыз және дербес деректеріңізді белгісіз делдалдарға бермеңіз.
