Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?
ЖүктеуЖұмысқа жіберуге медициналық қарсы көрсетілімдер
Міндетті медициналық қарап-тексерулер көзделген кәсіптер бойынша жұмысқа жіберу жұмыскердің денсаулық жағдайы мен медициналық қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тиісті жұмысты орындауға қарсы көрсетілім болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік ауру, сондай-ақ инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медицина қызметкері азаматты емделу үшін медициналық ұйымға жолдайды.
Одан әрі жұмысқа жіберу мүмкіндігі туралы мәселе белгіленген талаптарға сәйкес қажетті тексеру мен емдеуден өткеннен кейін шешіледі.
Медициналық қарсы көрсетілімдер анықталса, не істеу керек?
-
Медициналық қорытынды мен маманның ұсынымдарын алыңыз.
-
Қажет болған жағдайда емделіп, қосымша тексеруден өтіңіз.
-
Уақытша қарсы көрсетілімдер жойылғаннан кейін жұмысқа жіберу мүмкіндігін қайта бағалау үшін медициналық ұйымға жүгініңіз.
-
Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда медициналық ұйым электрондық жеке медициналық кітапшада (ЖМК) тиісті қорытындыны ресімдейді.
Маңызды! Медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі орындалатын жұмыс түріне байланысты. Белгілі бір диагноздың болуы барлық жағдайда кәсіби қызметпен айналысуға тұрақты тыйым салынатынын білдірмейді.
