Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?

Жүктеу

Қызметкерлерге жеке медициналық кітапшасының болуы талап етілетін жұмыс санаттарының тізбесі

Міндетті медициналық қарап-тексерулер белгілі бір кәсіптер мен қызмет салаларының жұмыскерлері үшін көзделген.

Негізгі санаттарға мыналар жатады:

  1. Қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі, азық-түлік саудасы және тамақ өнімдерін тасымалдау салаларының жұмыскерлері.

  2. Кремді кондитерлік өнімдер өндірісінің және балалар сүт асүйлерінің жұмыскерлері.

  3. Жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының жұмыскерлері және жолаушылар көлігінің жекелеген түрлерінің персоналы.

  4. Білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің және сауықтыру мекемелерінің жұмыскерлері.

  5. Медицина қызметкерлері және медициналық ұйымдар персоналының жекелеген санаттары.

  6. Қан қызметі ұйымдарының, зертханалардың жұмыскерлері және инвазиялық рәсімдерді орындайтын медицина қызметкерлері.

  7. Санаторийлердің, пансионаттардың және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жұмыскерлері.

  8. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін жекелеген объектілердің, оның ішінде шаштараздардың, косметологиялық салондардың, моншалардың, сауналардың, кір жуатын орындардың және химиялық тазалау орындарының жұмыскерлері.

  9. Бассейндердің, сумен емдеу орындарының және спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері.

  10. Қонақүйлердің, мотельдердің, жатақханалардың және кемпингтердің жекелеген жұмыскерлері.

  11. Дәрілік заттарды дайындаумен, қаптаумен және өткізумен айналысатын дәріханалар мен фармацевтикалық ұйымдардың жұмыскерлері.

  12. Су құбыры құрылыстарының, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің жұмыскерлері.

  13. Жұмыскерлері міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтуге жататын объектілерде практикадан өтетін оқушылар мен студенттер.

Медициналық қарап-тексеруден қаншалықты жиі өту қажет?

Қарап-тексерудің мерзімділігі кәсіпке және зерттеу түріне байланысты.

Мысалы:

  • Қоғамдық тамақтану саласының жұмыскерлері әрбір 12 ай сайын флюорографиядан, ал жекелеген зертханалық зерттеулерден әрбір 6 ай сайын өтеді.

  • Тамақ өнеркәсібі және азық-түлік саудасы салаларының жұмыскерлері үшін әрбір 12 ай сайын тексерулер көзделген.

  • Медицина персоналының жекелеген санаттары үшін жыл сайынғы тексерулер және өзге мерзімділікпен жүргізілетін қосымша зерттеулер көзделген.

  • Маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері маусым басталғанға дейін көзделген тексерулерден өтеді.

Зерттеулердің нақты тізбесі мен олардың мерзімділігі қолданыстағы өзгерістерді ескере отырып, № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына 1-қосымшада айқындалады.

Маңызды! Міндетті медициналық қарап-тексеруден өту және жеке медициналық кітапшаны ресімдеу қажеттілігі орындалатын жұмыстың сипатына қарай айқындалады. Міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтуге жататын жұмыскерлердің барлық санаттары ЖМК ресімдеудің бір тобына жатпайды.

Жаңарту күні: Көру саны:1198
  1. Қызметкерлерге жеке медициналық кітапшасының болуы талап етілетін жұмыс санаттарының тізбесі