Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?
ЖүктеуЖеке медициналық кітапшаны беруге кім құқылы?
Жеке медициналық кітапшаларды медициналық қызметке лицензиясы бар және «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде тіркелген медициналық ұйымдар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.
ЖМК қалай ресімдеуге болады?
-
Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізетін және электрондық ЖМК ресімдейтін медициналық ұйымға жүгініңіз.
-
Кәсібіңіз үшін көзделген медициналық қарап-тексеруден және зертханалық зерттеулерден өтіңіз.
-
Тексеру нәтижелерінің медициналық ақпараттық жүйеге енгізілуін күтіңіз.
-
Медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жұмысқа жіберу туралы қорытынды алыңыз.
Электрондық ЖМК медицина қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен және медициналық ұйымның QR-кодымен куәландырылады.
ЖМК-ны қайдан көруге болады?
Жеке медициналық кітапша туралы мәліметтер eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «E-Densaulyk» сервисі арқылы қолжетімді.
Медициналық қарап-тексеру ақысын кім төлейді?
Төлем тәртібі міндетті медициналық қарап-тексерудің түріне және еңбек қатынастарының шарттарына байланысты.
Жұмыс беруші заңнамада белгіленген жағдайларда жұмыскерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулерінің ақысын төлеуге міндетті.
Жұмысқа орналасу кезіндегі алдын ала медициналық қарап-тексерудің және өзге де қызметтердің ақысын төлеу мәселесін еңбек заңнамасын, еңбек шартының талаптарын және қолданылатын қағидаларды ескере отырып нақтылау қажет.
Маңызды! ЖМК нақты жүргізілген медициналық қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша ресімделеді. Медициналық қарап-тексеруден өтпей, дайын медициналық кітапшаны сатып алуға жол берілмейді.
