«Әскери өнім» ипотекалық кредитін алуға кім құқылы

Жүктеу

Әскери ипотеканың шарттары

1. Әскери баспана

Бағдарлама «Отбасы банк» АҚ-ның тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысатын тұрғын үй төлемдерін алушыларға арналған.

Қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға берілетін алдын ала қарыздың шарттары:

  • бастапқы жарна — 20%-дан 50%-ға дейін;

  • сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 18%;

  • алдын ала қарыз мерзімі — 8 жылға дейін.

Сондай-ақ банк жинақталған қаражатқа және банктік өнімнің талаптарына байланысты шарттары ерекшеленетін басқа да қарыз түрлерін қарастырады.

2. Наурыз Әскери

«Наурыз» бағдарламасының бұл бағыты Отбасы банкте арнайы ағымдағы шоты бар тұрғын үй төлемдерін алушыларға арналған.

Негізгі шарттары:

  • банктің талаптарына сәйкес келетін бастапқы нарықтағы тұрғын үйді сатып алу;

  • бастапқы жарна — 0%-дан 50%-ға дейін;

  • сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 9%;

  • бастапқы жарна 0%-дан 20%-ға дейін болған жағдайда қарыздың ең жоғары сомасы — Астана мен Алматы қалаларында 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлерде 30 млн теңгеге дейін;

  • бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болған жағдайда қарыздың ең жоғары сомасы — 80 млн теңгеге дейін;

  • кредиттеудің жалпы мерзімі — 19 жылға дейін.

«Наурыз Әскери» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар

Қатысушы банктің талаптарына, оның ішінде азаматтыққа немесе қандас мәртебесіне, жасына, ресми табысына және тұрғын үйінің болмауына қатысты талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Бағдарлама шарттарына сәйкес қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үйі болмауы және тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша мәмілелер жасамауы қажет.

Маңызды! Көрсетілген қаржылық параметрлер жалпыға бірдей мемлекеттік нормативтер емес, Отбасы банк бағдарламаларының шарттары болып табылады. Банк кредиттеу шарттарын өзгертуге құқылы. Өзекті ақпаратты өтінім берер алдында тікелей тексеру қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:8207
  1. Әскери ипотеканың шарттары