EШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы не білуіңіз керек

Жүктеу

ЕШЕАБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімі бұзылған немесе деректер көрсетілмеген жағдайдағы жауапкершілік

2026 жылғы 12 наурыздан бастап Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесін (ЕШЕБЖ) жүргізу тәртібін бұзғаны үшін тікелей әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ҚР ӘҚБтК-нің 98-бабының 1-1-бөлігі).

ЕШЕБЖ-ға ақпаратты енгізбеу, уақтылы енгізбеу, толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді енгізу түріндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдар салынады:

  • лауазымды адамдарға — 30 АЕК мөлшерінде;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 60 АЕК мөлшерінде;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 80 АЕК мөлшерінде;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 150 АЕК мөлшерінде.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары мұндай фактілер анықталған кезде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді және бір мезгілде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді бастайды.

Жаңарту күні: Көру саны:1961
  1. ЕШЕАБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімі бұзылған немесе деректер көрсетілмеген жағдайдағы жауапкершілік