EШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы не білуіңіз керек

Жүктеу

ЕШЕАБЖ-ға мәлімет енгізу және ЕШЕАБЖ-дан оны алу тәртібі

Жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу және еңбек шартын тоқтату туралы мәліметтерді енгізуге міндетті.

ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімдері:

  • Жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы — оларға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.
  • Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы — оларға қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
  • Еңбек шартын тоқтату туралы — еңбек шарты бұзылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
  • Қателерді түзету немесе қате реквизиттерді/деректерді жою — мәліметтер бастапқы енгізілген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде.
  • Қызметкерді соттың немесе келісу комиссиясының шешімі бойынша жұмысқа қайта қабылдау кезінде — құжаттың деректемелерін көрсете отырып, 10 жұмыс күні ішінде.

Деректерге қол жеткізу: ЕШЕБЖ-дағы мәліметтер уәкілетті еңбек органы тарапынан Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарын сақтай отырып, жеке және заңды тұлғаларға ұсынылады. Әдетте, бұл ретте дербес деректер субъектісінің (қызметкердің) келісімі қажет, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда.

Жаңарту күні: Көру саны:4428
  1. ЕШЕАБЖ-ға мәлімет енгізу және ЕШЕАБЖ-дан оны алу тәртібі