EШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы не білуіңіз керек
ЖүктеуЕШЕАБЖ-ның артықшылықтары
Еңбек шарттары туралы мәліметтерді енгізу HR.Enbek платформасының «Еңбек ресурстары» ресми кіші жүйесі арқылы немесе кәсіпорынның жеке кадрлық жүйесін ЕШЕБЖ-мен интеграциялау жолымен жүзеге асырылады. Портал арқылы жұмыс істеу үшін ұйымның ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту қажет.
Электрондық еңбек шарты дәстүрлі жазбаша нысанды толықтырады. Қызметкер кез келген уақытта өзінің еңбек шартының бар-жоғын және өзектілігін тексере алады, сондай-ақ электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде немесе egov mobile мобильді қосымшасының «Еңбек қызметі» бөлімінде барлық деректердің көрсетілуін бақылай алады.
