ЭКҰ квотасын қалай алуға болады
ЖүктеуКвота алуға өтініш беру тәртібі
МӘМС жүйесі шеңберінде ЭКҰ рәсіміне жолдама алу үшін медициналық зерттеп-қараудан және белгіленген іріктеу рәсімінен өту қажет.
1-қадам. Емханаға жүгініңіз
Өзіңіз тіркелген медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына жүгініңіз.
Бедеулік диагнозы анықталған жағдайда медициналық ұйым қажетті мәліметтерді диспансерлік науқастардың электрондық тіркеліміне енгізеді.
2-қадам. Медициналық зерттеп-қараудан өтіңіз
Бедеуліктің себептерін анықтау және қосалқы репродуктивтік технологияларды (ҚРТ) қолдану арқылы емдеу мүмкіндігін бағалау үшін медициналық зерттеп-қараудан өтіңіз.
Қажет болған жағдайда репродуктолог пен басқа да бейінді мамандардың консультациясын алыңыз.
3-қадам. Бейінді маманның қорытындысын алыңыз
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дәрігер медициналық көрсетілімдерді, қарсы көрсетілімдерді және МӘМС жүйесі шеңберінде ЭКҰ жүргізу үшін іріктеу өлшемшарттарына сәйкестікті бағалайды.
4-қадам. Құжаттарды өңірлік комиссияға жолдау
Қажетті негіздер болған жағдайда тіркелген жеріңіздегі медициналық ұйым пациенттің құжаттарын денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының өңірлік комиссиясына жолдайды.
Өңірлік комиссия құжаттарды қарап, МӘМС жүйесі шеңберінде рәсімді жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
5-қадам. Медициналық ұйымды таңдаңыз
Пациент МӘМС жүйесі шеңберінде тиісті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымды өз бетінше таңдайды.
6-қадам. Жолдама алыңыз
Оң шешім қабылданған жағдайда өңірлік комиссия қажетті құжаттар топтамасын қоса тіркей отырып, жолдаманы «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді.
7-қадам. Рәсімді жүргізу күнін келісіңіз
Жолдама ресімделгеннен кейін ЭКҰ бағдарламасына дайындалудың одан арғы тәртібін және бағдарламаның басталу күнін нақтылау үшін таңдаған клиникаңызға хабарласыңыз.
8-қадам. ЭКҰ бағдарламасынан өтіңіз
Емдеу медициналық көрсетілімдер, денсаулық жағдайы және қолданыстағы қағидалар ескеріле отырып, жеке медициналық жоспар бойынша жүргізіледі.
Маңызды! Бұрын криоконсервацияланған эмбриондар болған жағдайда МӘМС бағдарламасына қайта енгізу мүмкіндігі қағидалардың арнайы шарттарына сәйкес айқындалады. Құжаттарды қайта тапсырмас бұрын мұндай эмбриондарды пайдалану тәртібін нақтылау қажет.
