Өзіңізді деструктивті діни идеялардың ықпалынан қалай қорғауға болады
ЖүктеуҚауіпті психологиялық ықпал ету белгілері
Егер адам немесе топ төмендегі әрекеттерді жасаса, сақ болу қажет:
-
басшыға сөзсіз бағынуды талап етсе және сұрақ қоюға тыйым салса;
-
туыстарымен және достарымен қарым-қатынасты тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында қысым көрсетсе;
-
тәуелсіз ақпарат көздеріне қол жеткізуді шектесе;
-
қатысушыларды ұстап қалу үшін қорқыту, қоқан-лоқы көрсету немесе кінәлілік сезімін тудыру тәсілдерін қолданса;
-
ақшаны, мүлікті немесе дербес деректерді беруге мәжбүрлесе;
-
заңнаманы бұзатын әрекеттерге қатысуды талап етсе;
-
зорлық-зомбылықты ақтаса немесе араздық пен өшпенділікке шақырса.
Діни наным-сенімдердің болуы, киім кию, тамақтану немесе өмір салтының ерекшеліктері өздігінен экстремизмнің белгісі болып табылмайды.
Жағдайды нақты әрекеттер мен мән-жайларды ескере отырып бағалау қажет.
