Шетелде жұмыс ұсыну кезінде не білуіңіз керек
ЖүктеуШетелде өзін қалай ұстау керек және қайда бару керек?
Баратын елдің заңнамасына сәйкес жұмыс визасын, жұмыс істеуге рұқсатты немесе басқа да құжаттарды алу қажеттілігін қоса алғанда, ұсынылған жұмысқа орналасудың заңдылығын тексеру.
Жұмысқа кіріспес бұрын шетелдік жұмыс берушімен жасалатын еңбек шартын алу және оның талаптарын мұқият зерделеу.
Еңбек шартында жұмыс орны, лауазымы, жалақы мөлшері мен оны төлеу тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, тұру жағдайлары және басқа да маңызды талаптар көрсетілгеніне көз жеткізу.
Жол жүру, тұру, медициналық сақтандыру және Қазақстанға қайту шығындарын кім төлейтінін нақтылау.
Қажет болған жағдайда білімі мен біліктілігі туралы құжаттарды аударуды, заңдастыруды немесе апостиль қоюды алдын ала ұйымдастыру.
Туыстарыңызға немесе жақын адамдарыңызға тұратын мекенжайыңызды, жұмыс орныңызды және жұмыс берушінің байланыс деректерін хабарлау.
Паспорттың, визаның, еңбек шартының, сақтандыру құжаттарының электрондық көшірмелерін және Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің байланыс деректерін сақтау.
-
Паспортыңызды жұмыс берушіге немесе делдалға тұрақты сақтауға бермеңіз. Егер сізге құжаттарыңызды өз бетіңізше пайдалануға тыйым салынса, жүріп-тұру еркіндігіңіз шектелсе немесе қоқан-лоқы көрсетілсе, мұндай жұмысқа келіспеңіз.
Көмек алу үшін қайда жүгінуге болады?
Еңбек дауы туындаған жағдайда алдымен белгіленген тәртіппен жұмыс берушіге, ал қажет болған жағдайда жұмыс істейтін елдің құзыретті органдарына жүгіну ұсынылады.
Егер құқықтарыңыз бұзылса, сізге қоқан-лоқы көрсетілсе, құжаттарыңыз заңсыз ұсталып қалса немесе жұмыс істеуге мәжбүрленсеңіз, жүрген еліңіздің құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының жақын жердегі елшілігіне немесе консулдық мекемесіне жүгініңіз.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің байланыс деректерін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан табуға болады.
Өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнген жағдайда жүрген еліңіздің жергілікті шұғыл қызметтеріне хабарласу қажет.
