ЖТҚ үшін жер учаскелерін алу
ЖүктеуКіріспе
Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін ауданы 0,10 гектар (10 сотық) жер учаскесін бір рет тегін алуға құқылы.
Пәтердің, тұрғын үйдің немесе басқа да жылжымайтын мүліктің болуы азаматты бұл құқықтан айырмайды. Бұл ретте заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ЖТҚ үшін жер учаскесін қайтадан тегін беруге жол берілмейді.
Жер учаскелері арнайы кезектілікке, дайындалған аумақтардың және қажетті инженерлік инфрақұрылымның болуына қарай беріледі.
Жер учаскесін игеру кезеңінде ол уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беріледі. Жеке тұрғын үй салынып, пайдалануға берілгеннен кейін азамат заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесін жеке меншікке ресімдей алады.
Бұл материалда кезекке қалай тұруға, оның мәртебесін тексеруге, жер учаскесін алуға және меншік құқығын тіркеуге болатыны туралы айтып береміз.
