ЖТҚ үшін жер учаскелерін алу
ЖүктеуАрнайы есепке (кезекке) қою
Арнайы есепке (кезекке) қою
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскесін алуға берген өтініштері арнайы есепке алынуға жатады.
Кезекте тұрған азаматтардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін (ЖМБМК АЖ) пайдалана отырып, электрондық форматта жүргізеді.
Кезекті қалай тексеруге болады
-
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
-
«Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық) алу үшін кезекті қарау немесе кезекке қою» қызметін ашыңыз.
-
Кезектілік туралы мәліметтерді қарау функциясын таңдаңыз.
-
Өтінішіңіз туралы қолжетімді ақпаратпен танысыңыз.
Мәліметтерді сондай-ақ Жария кадастрлық картадан тексеруге болады: https://map.gov4c.kz/egkn/.
Егер сіз бұрын өтініш берген болсаңыз, бірақ өзіңізді тізімнен таппасаңыз
Электрондық қызметтегі «Деректерді өзектендіру» функциясын пайдаланыңыз. Қажет болған жағдайда бұрын кезекке қойылғаныңызды растайтын құжаттарды тіркеңіз.
Егер мәселені электрондық сервис арқылы шешу мүмкін болмаса, e-Otinish арқылы тиісті әкімдікке өтініш жолдауға болады.
Кезектіліктің ерекшеліктері
-
Азамат бірнеше өңірде есепте тұра алады. Бір өңірде ЖТҚ үшін тегін жер учаскесін алғаннан кейін басқа өңірлердегі есепке алу тоқтатылады.
-
Жер учаскесі берілген азаматтар, сондай-ақ ұсынылған жер учаскесінен жазбаша немесе электрондық нысанда бас тартқан азаматтар кезекте тұрғандар тізімінен шығарылады.
-
Кезекке қайта қалпына келтіруді құжатпен расталған негіздер болған жағдайда жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Аумақтарды дайындау және кезектілік тізімдері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынады.
