ЖТҚ үшін жер учаскелерін алу

Жүктеу

Өтініш беру

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы арнайы есепке (кезекке) тұруы қажет.

Онлайн өтініш беру тәртібі

  1. eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық) алу үшін кезекті қарау немесе кезекке қою» қызметін табыңыз.

  3. Өтініш түрінен «Кезекке қою» тармағын таңдаңыз.

  4. Жер учаскесін алуды жоспарлап отырған өңірді көрсетіңіз.

  5. Қажетті мәліметтерді тексеріп, толтырыңыз.

  6. Электрондық сервисте көзделген тәсілмен өтінішті растаңыз және жіберіңіз.

  7. Өтініш нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріңіз.

Құны: тегін.

Кезекке қою бойынша электрондық қызметті көрсету мерзімі: 20 минут ішінде.

Нәтижесі: өтініштің арнайы есепке қойылғаны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.

Маңызды: кезекке тұру жер учаскесінің бірден берілетінін білдірмейді. Жер учаскесі аумақтардың дайындалуына қарай және жер заңнамасында белгіленген талаптар орындалған жағдайда кезектілік тәртібімен беріледі.

Жаңарту күні: Көру саны:8040
  1. Өтініш беру