Зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу мүмкін бе
ЖүктеуҚандай жағдайларда ерлер де, әйелдер де мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу есебінен мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығуға болады.
Шарттар мен қатысушыларға байланысты зейнетақы аннуитеттерінің келесі түрлері бөлінеді:
Классикалық (жеке) аннуитет: салымшыларға белгіленген жасқа жеткенде — ерлер үшін 55 жастан және әйелдер үшін 53 жастан бастап қол жетімді. Сондай-ақ, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 5 жыл төленген жағдайда) айналысатын адамдардың 50 жастан бастап аннуитетке құқығы бар.
Бірлескен зейнетақы аннуитеті: егер олардың біреуінде аннуитетті өз бетінше сатып алу үшін жинақ жеткіліксіз болса, сақтандыру компаниясымен ортақ шарт жасасу үшін ерлі-зайыптылардың не жақын туыстарының Зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті: сақтандыру ұйымымен шарттарды белгілей отырып, алдын ала шарт жасасуға мүмкіндік береді, бұл ретте тұрақты сақтандыру төлемдері жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткеннен кейін басталады.
Шарт жасасу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес өмір бойғы төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті соманы жинақтау талап етіледі. Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер жыл сайын индекстелуге жатады.
